
«Көмешбұлақ» мешітінің жанындағы Жаңа құрылыс көшесіне КТП орнатылып, электр желілері 120 гектар аумақта орналасқан 813 жер учаскесіне тартылуы тиіс. Мұнда 8 электр трансформаторы орнатылады. Ауқымды жұмыстың құны-355 млн теңге.
Ал, 17 партсъезд аталып кеткен елдімекендегі Жаңақұрылыс көшесіне КТП орнатып, электр желілері тартылмақ. Нәтижесінде, 363 жер учаскесін электр қуатымен қамтамасыз етуге 5 электр трансформаторы орнатылады. Бұл жұмыстың сметалық құны-184 млн теңге.

Сонымен қатар, Қасымбек датқа ауылындағы авто-жанармай құю бекетінің артқы жағындағы көшелерге КТП орнатып, электр желілердің құрылысына, 378 жер учаскесін электр қуатымен қамтамасыз ету үшін 4 трансформатор қойылады. Оған – 187 млн теңге бөлініп отыр.
Осы нысандар жылдың соңына дейін толық іске қосылады. Жалпы, 2019-2021 жылдары аудан аумағында электр энергиясы жүйесін жаңғырту яғни жаңарту бойынша бюджеттен 1 миллиардқа жуық қаржы жұмсалып отыр.