Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » Түркістан: Депутаттар тұрғындардың өтінішін тыңдады

Түркістан: Депутаттар тұрғындардың өтінішін тыңдады

Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының «Nur Otan» партиясының депутаттары Сүлеймен Тұрсымбайұлы мен Рая Серікбайқызы және қала әкімінің орынбасары Жандос Қалмырзаұлы, Түркістан қалалық прокуратурасының прокурорларымен бірігіп Бекзат мөлтек ауданының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар көптеп орын алып отырған жол, ауызсу, газ, қоғамдық көлік мәселелерін сөз етті.

Тұрғындар тарапынан айтылған арыз-шағымдар мен ұсыныстарды тыңдап, «Nur Otan» партиясының сайлауалды «Әр азаматқа лайықты өмір бағдарламасын» негізге ала отырып, қаланы жайлы, қауіпсіз қалаға айналдыру мәселелесі сөз болды.
Осы орайда қала көлемінде құқықбұзушылық бағыты бойынша жасалған қылмыстарға тоқталып, олардың алдын алу жұмыстары жасалғандығы жөнінде мәліметтер берілді. Сонымен қатар Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығы жайлы да ой – пікірлер айтылып, тұрғындардың көзқарастары назарға алынды.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика