Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Тәуелсіздікті тұғырлы ету – міндетіміз

Тәуелсіздікті тұғырлы ету – міндетіміз

Бүгін «Nur Otan» партиясының кезекті фракциясы отырысына «Nur Otan» партиясының мәслихат депутаты ретінде арнайы қатыстым. Жиын барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты үндеуі аясында пікір алмасу жүргізілді.
Ата-бабамыз аманаттаған Тәуелсіздікті тұғырлы ету – міндетіміз. Кемел келешектің кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде. «Егемен елде өмірге келіп, сапалы білім алғандықтан, Елдіктің жеті тұғырын сақтау – бүгінгі жастарға берілген аманат», – дейді халық қалаулылары.
«Бұл – Елбасы осыған дейін жариялаған «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы», «Рухани жаңғыру» мақалалары мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының заңды логикалық жалғасы. Мұндағы соңғы алтауы ең алғашқы қағида Тәуелсіздікті нығайтуға бағытталған деп ойлаймын.
Өйткені Тәуелсіздік жоқ жерде, жоғарғыда айтылғандардың ешбірі болмайды. Ал қандай да бір халық өзінің болашағы үшін саяси шешім қабылдауда стратегиялық бағыт-бағдарын белгілеуде еркін болмаса, онда толыққанды мемлекет жайлы сөз қозғау мүмкін емес», – деп мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы үндеуге деген өз пікірін білдірді.

Сүлеймен ТҰРСЫМБАЙҰЛЫ,

«Nur Otan» партиясының мәслихат депутаты.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика