Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Ұлттық ұлан жауынгерлері көмектесті

Ұлттық ұлан жауынгерлері көмектесті

Шымкентте Ұлттық ұлан жауынгерлері есінен танып қалған азаматқа көмек көрсетті. Оқиға 15 наурыз күні сағат 18.30 шамаларында болған. Қаладағы әл-Фараби ауданында қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген 6506 әскери бөлімінің жауынгерлері бір әйел адамның ес-түссіз жатқан азаматқа көмектесіп жатқанын байқайды. Ойланбастан сол жерге дереу жеткен сарбаздар, азаматтың жерге құлап, басы жарылғанын анықтайды.


– Біз өзімізге берілген бағыт бойынша қызмет атқарып жүргенбіз. Кенет жерде құлап жатқан адамды байқадық. Уақытты созбай, бірден бетіне су шашып, мүсәтір иіскетіп, есіне келтіріп үлгердік, – дейді әскери жасақ топ бастығы сержант Абылай Айсекен.

Оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылып, аталған азамат Шымкент қаласының №1 ауруханасына жеткізілді.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика