Әлеуметтік желіде “Мырзакентті тағы да су басты. Үйлер құлап жатыр” деген ақпарат тарауда. Мән-жайды білгеніміздей, жаңа үйлердің ауласына су кірген. “2 аптадан бері толассыз жауған жауынның салдарынан Мырзакентте ғана емес, ауданға қарасты 2 кент пен 9 ауылдық округтің барлығында тұрғындар тарапынан үй аулаларына су толып қалған жағдайлар кездесіп жатыр дейді апаттың алдын алу жұмыстарына жауапты мамандар.
–Қазіргі таңда 13 (он үш) Азаматтық қорғау құрылымдарының 286 жеке құрамы, 134 арнайы техникалары мен 206 құрал-жабдықтары төтенше жағдайдың алдын алуға жұмылдырылған. Сондай-ақ, қалыптасқан жағдайға байланысты жалпы 82 бірлік матопомпалар (оның ішінде: төтенше жағдайлар бөлімінің теңгеріміндегі – 11, ТДҰ пайдалану өндірістік бөлімшесі – 1, жеке азаматтардан – 70 бірлік) жұмылдырылып, 11700 куб су аумақтардан тартып шығарылды. Сонымен қатар, көрші аудандардан қосымша мотопомпалар әкелінуде. Айта кетейік, аудандағы жағдайға байланысты аудандық Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен құрылған 129 ерікті жастар тұрғындарға көмек көрсетуде. Жағдай толық жергілікті атқарушы органдардың және төтенше жағдайлар бөлімінің бақылауында, – дейді аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі штабтың хатшысы Бекзат Зейілбеков.