Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет »       «AMANAT» ардагер аналарды құттықтады

      «AMANAT» ардагер аналарды құттықтады

    8-наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Абай Құрман аудандық мәслихат депутаты Асан Аралбаймен бірге батыр аналар Махатова Жұмакүл, Махатбаева Айнұр, тыл ардагері Әуелбекова Кенжетай, білім саласының ардагері Нұрмахан Сәуле, ардагер ұстаз Сейітова Злиханың шаңырақтарында болып, мерекелерімен құттықтады. Әулетінің берекесі мен ұйытқысына айналып отырған аяулы жандарға арнап жылы лебіздер айтылып, сый-сияпат жасалды.

Құрметке бөленген аяулы аналарымыз «AMANAT» партиясының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.

Жасұлан Айдос,

Отырар ауданы.

 

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика