Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Шардара СЭС-да 4 гидроагрегат та жұмыс істеп тұр

Шардара СЭС-да 4 гидроагрегат та жұмыс істеп тұр

Шардара су электро станциясындағы жаңғырту жұмыстарынан кейін алғаш рет электр энергиясын өндіру көлемі 126 МВт-ке жетті. Қазір мұнда барлық 4 гидроагрегат та жұмыс істеп тұр.

«18 наурыздағы жағдай бойынша Сырдария өзені бассейнінің Қазақстан аумағында нөсер жауын-шашынға байланысты су деңгейінің күрт өсуі байқалады. Шардара су қоймасына келетін су ағысы екі күнде 700-ден 1200 м3/с дейін артты.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің өкімі бойынша су қоймасының көлемін 4,8-5,0 млрд м3 деңгейінде ұстап тұру үшін Шардара ГЭС турбиналары арқылы су шығыны 700 м3/с дейін ұлғайтылды, осыған орай су электр станциясының генерациясы өзінің белгіленген қуатына жетті.  18 наурыздан бастап 400 м3/с көлеміндегі суды бос ағызуға жол ашылды, Қызылқұм каналына су тарту көлемі 80 м3/с дейін ұлғайтылды» деп хабарлайды «Самұрық-Энерго» АҚ Баспасөз қыметі.

СЭС-тың ең жоғарғы өткізу қабілеті – 1995 м3/с. Шардара су қоймасының ең үлкен жобалық көлемі-5,2 млрд м3.

Естеріңізге сала кетсек, осы нысанға иелік ететін «Самұрық-Энерго» АҚ 2020 жылдың соңында Шардара СЭС-ін толық жаңғырту бағдарламасын аяқтаған болатын. Жалпы құны 38 млрд. теңге болатын жоба аясында станциядағы барлық төрт гидроагрегат ауыстырылды. Ауқымды жаңғырту СЭС қуатын 100-ден 126 МВт-қа дейін ұлғайтты. Жаңа гидроагрегаттар су электр станциясындағы электр энергиясын өндіруді жылына 480 млн кВт*сағ. 537 млн кВт * сағ-қа дейін ұлғайтты.

Шардара су электр станциясы 1967 жылы 100 МВт көлемінде белгіленген қуат күішмен және төрт гидроагрегатпен пайдалануға берілген болатын. Норматив бойынша қызмет ету мерзімі 25 жыл болса, станция 50 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылып келеді, бұл оның технологиялық жабдығы 100%-ке тозуына әкеп соқтырды. Жүргізілген жаңғырту жұмыстары су станциясының қызмет ету мерзімін 35-40 жылға дейін ұзартып, СЭС-ті пайдалану сенімділігін арттырып отыр.

Жобаның электр қуатына деген тапшылық байқалатын Түркістан облысын электр энергиясымен қамтамасыз ету және өңірдегі су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттырудағы маңызы зор.

 

 

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика