Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет »  Созақтың әкімі тек Созақта тігілген аяқ киім киеді

 Созақтың әкімі тек Созақта тігілген аяқ киім киеді

Созақ ауданы Шолаққорған ауылының тұрғыны Кенбай Игенбаев аяқ киім тігетін цех ашқан. Бүгінде оның қолынан шыққан өнімге деген сұраныстың саны артып келеді. Жақында оның цехында аудан әкімі де болды. Өнерлі жігіттің өніміне риза болған аудан басшысы өзіне екі жұп аяқ киімге тапсырыс берген.

– Біздің тарапымыздан барлық қолдау жасалады. Шеберханаңды кеңейтіп, қасыңа көмекші ал. Бизнес жоспар жаса. Жұмыспен қамту орталығы арқылы қайтарымсыз грант беруді қолға аламыз, – деді аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков.

Кенбай Игенбаев Шолаққорған ауылында туып өсіп, Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектепті бітірді. Онан соң түрлі салада жұмыс істеді. Соңғы жылдары уран өндіретін кәсіпорнында күзетші болды. Қолөнерге ебі бар Кенбай 2017 жылдан бері көрші-қолаң мен ағайын-туыстың кішкентай балаларына аяқ киім тікті. Осылай бұл істің қыр-сырын меңгерді. Ғаламтор арқылы ізденіп, шеберлігін шыңдады. Үйретушісі де, ұстазы да – ғаламтор. Өткен жылы осы кәсіпке біржолата бет бұрды. Әуелі нарықты терең зерттеді. Әріптес досы, жеке кәсіпкер Мадияр Төлеев те моральдық-материалдық қолдау білдірді. Өзінің «ТорланСтрой» ЖШС цехының бір бөлмесін берді. Қазіргі таңда маусымдық сұранысқа сай спорттық кроссовка тігіп жатыр.

– Аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы шеберханама келіп танысу барысында өзіне екі жұп аяқ киімге тапсырыс берді. Қолдау болатынын айтты. Қажетті материалдарды Алматы қаласынан алдырамын. Аптасына 10-12 жұп аяқ киім тігуге мүмкіндігім бар. Қыстық етік, туфли, кроссовка, макаси… Бәрін тіге беремін. Бағасы да қолжетімді. 15 мың теңге шамасында. Ұлттық нақыштағы аяқ киімге де тапсырыс қабылдаймын. Сұраныс артып келеді. Алдағы уақытта ісімді жолға қойып, дүкен ашу ісін жоспарлап отырмын, – дейді Кенбай Игенбаев.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика