Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округіне қарасты Көлтоған ауылында «Қырық шілтен» мешіті қайтадан салынып, ел игілігіне берілді.
Рухани, тағылымдық іс-шараға аудан әкімі Бағлан Батыршаев, құқық қорғау саласының ардагері Сәтбай Жұмабаев, белгілі дінтанушы ұстаз Бегайдар Әміре қажы арнайы келіп құттықтап, мешіт ғимаратын тұрғызған ел азаматтарына алғыстарын айтты.
Ізгілік пен имандылық үйінің салтанатты ашылу рәсіміне ауыл тұрғындарымен қатар алыс-жақыннан келген спорт, өнер жұлдыздары да қатысып, имандылық ұйытқысы, ел ішіндегі бірлік пен татулықтың ордасы мешіт ісіне береке тіледі. Атымтай жомарт Шайхыбастан қажы Бөбейұлы әулетінің демеушілігімен салынған рухани орталық 500 адамға лайықталған. Ауданаралық автожол жағасында бой көтерген жаңа ғимараттың сәулеттік келбеті де ұлттық нақыштармен безендірілген.
Бүгінде Қараспан ауылдық округінің өзінде 9 мешіт болса, аталған рухани нысан 10-шы болып тіркеліп отыр.