Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Темірланда жолаушылар тасымалы реттелді

Темірланда жолаушылар тасымалы реттелді

Ордабасы ауданында ауыларалық жол қатынасы талайдан бергі мәселе еді. Ауыл арасында жүретін жолаушы тасымалдаушы компаниялардың жұмысына тұрғындардың айтар базынасы көп. Көрші ауылдардан Темірланға жете алмай телміргендер жол бойында тосылып қалатын.

Енді міне, халықтың үні аудан басшылығына жетіп, бұл мәселеде тәртіп орнатылған сияқты. Осылайша, аудан орталығы – Темірланға жолаушы тасымалдауда SARavto ЖШС-і тарапынан ауданішілік 4 бағытқа көлік қатынауда. Қызылсеңгірден шыққан жолаушы Боралдай асып, Темірланға жететін болды. Осындай бағыттар Жеңіс, Бөген, Семхоз, Қараспан, Қызылжар, Төрткөл ауылдары арасында да ашылып отыр. Аталған ауылдардан Темірланға жолаушылар көлігі қатынайтын болады. Күніне үш айналымда қатынайтын көлік 25 ауылдың тұрғындарына қызмет көрсетеді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, алдағы уақытта тағы да қосымша 4 бағытта қоғамдық көлікпен жолаушы тасымалын ұйымдастыру жоспарлануда екен.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика