Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет »   КӨБЕЙДІ. 1 СӘУІРДЕН БАСТАП…

  КӨБЕЙДІ. 1 СӘУІРДЕН БАСТАП…

«2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес, республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін зейнетақы мен жәрдемақылар республикалық бюджет инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап қайта есептелді:
– Айлық есептік көрсеткіш
–  3 180 теңге;

–  Ең төменгі зейнетақы –  48 302 теңге;

–  Ең төменгі базалық зейнетақы төлемі –  21 191 теңге;

–  Күнкөріс деңгейі мөлшері –  37 389 теңге болып белгіленді. Енді тарқатып айтар болсақ…

 

        ЗЕЙНЕТАҚЫ – 4 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

2022 жылдың 1 сәуіріне дейін тағайындалған жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен еңбек сіңірген жылдары үшін алып жүрген зейнетақы төлемдерінің негізгі мөлшері 2022 жылғы 1 сәуірден бастап –  4  пайызға артты. Ең төменгі зейнетақы мөлшері 46 302 теңгеден 48 032 теңгеге дейін өсті. Ал зейнетақы төлеміне қосымша төленетін  базалық зейнетақы төлемінің мөлшері әрбір азаматтың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушы болған кезеңіне сәйкес 20 191 теңгеден 37 389 теңгеге дейінгі аралықта арттырылады.

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап жаңадан тағайындалатын зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ең жоғарғы орташа айлық табыстың мөлшері 46 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек, яғни орташа айлық табыс шектеліп, 146 280  теңгеден ( АЕК3 180 х46 =146 280) анықталады.

        

            ЖӘРДЕМАҚЫ ДА КӨБЕЙДІ

Күнкөріс деңгейінің мөлшері өзгеруіне байланысты жәрдемақылардың мөлшері 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап мынадай тәртіппен көбейді:

Мүгедектік жәрдемақы:

І топқа         69 155 теңгеден — 71 787 теңгеге;

ІІ топқа       55 108 теңгеден — 57 206 теңгеге;

ІІІ топқа      37 459 теңгеден — 38 885 теңгеге;

7 жасқа дейінгі мүгедек баланың жәрдемақысы 50 426 теңгеден 52 345 теңгеге артты.

7 жастан асқан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаға берілетін жәрдемақы:

І топ   69 155 теңгеден — 71 787 теңгеге;

ІІ топ  57 269 теңгеден — 59 449 теңгеге;

ІІІ топ  43 222 теңгеден— 44 867 теңгеге көбейді.

«Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы № 126 Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты 2021 жылғы 24 қазаннан бастап мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедек балалар мен бала кезінен мүгедектерге олардың ата-анасы қайтыс болған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдай бойынша жәрдемақыны бір мезгілде алу құқығы енгізілді. Осы санаттағы жәрдемақыны алуға құқығы бар азаматтар тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласуы қажет.

Мүгедек баланы тәрбиелеушілер мен І топтағы мүгедекке күтім жасаушыға берілетін жәрдемақы 50 426 теңгеден —  52 345 теңгеге көбейді. Бұл күтім бойынша жәрдемақы мүгедектік себебіне қарамастан, мүгедек деп белгіленген мерзімге (бала кезінен мүгедек, жалпы ауру және өндірістік жарақат және т.б.) 1-топтағы мүгедектің күтушілеріне тағайындалады.

Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы:

1 балаға   30 976 теңгеден —   32 155 теңгеге;

2 балаға   53 667 теңгеден —   55 710 теңгеге;

3 балаға   66 634 теңгеден —   69 170 теңгеге;

4 балаға   70 596 теңгеден —   73 283 теңгеге;

5 балаға   73 117 теңгеден —   75 900 теңгеге;

6 және одан көп балаға 75 998 теңгеден — 78 891 теңгеге көбейтіліп төленетін болды. Ал тұл жетімдердің әрқайсысына бөлек —  44 120 теңге көлемінде жәрдемақы төленеді.

 

АРНАЙЫ ЖӘРДЕМАҚЫ МӨЛШЕРІ ӨСТІ

Айлық есептік көрсеткіштің 3 180  теңгеге өсуіне байланысты жәрдемақы мөлшері №1 тізім бойынша 28 854 теңгеден – 29 956 теңгеге,

№2 тізім бойынша 25 668 теңгеден – 26 649 теңгеге ұлғайды. Ал бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар:

– 1, 2 және 3-ші бала туылғанда — 120 840 теңге;

– 4-ші және одан кейінгі бала туылғанда  200 340 теңге төленеді. Бала 1 жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты жәрдемақы:

– 1 балаға — 18 317 теңге;

– 2 балаға — 21 656 теңге;

– 3 балаға — 24 963 теңге;

– 4 және одан көп балаға —  28 302 теңге төленетін болды.

ЕСКЕРТУ: жұмыс істейтін аналардың 1 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақының мөлшері табыстарының мөлшеріне қарай анықталып, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаражатынан жәрдемақы төленеді.

4 және одан да көп баласы бар, көп балалы отбасылардың бала санына қарай жәрдемақылардың мөлшері:

4  балаға  49 100 теңгеден – 50 976 теңгеге;

5  балаға  61 383 теңгеден – 63 728 теңгеге;

6  балаға  73 666 теңгеден – 76 479 теңгеге;

7  балаға  85 948 теңгеден – 89 231 теңгеге;

8  балаға  98 016 теңгеден – 101 760 теңгеге;

9  балаға  110 268 теңгеден – 114 480 теңгеге;

10 балаға 122 520 теңгеден – 127 200 теңгеге;

11 балаға 134 772 теңгеден – 139 920 теңгеге;

12 балаға 147 024 теңгеден – 152 640 теңгеге;

13 балаға 159 276 теңгеден – 165 360 теңгеге;

14 балаға 171 528 теңгеден – 178 080 теңгеге;

15 балаға 183 780 теңгеден – 190 800 теңгеге артты.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрындары «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналардың жәрдемақысы 19 604 теңгеден 20 352 теңгеге көбейді.

Сонымен қатар, Кеңес Одағының батырлары мен 3 дәрежелі Даңқ орденінің, Социалистік Еңбек Ері 3 дәрежелі Еңбек даңқы орденінің иегерлері және «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы», «Халық қаһарманы», «Енбек ерлеріне» берілетін жәрдемақы 424 624 теңгеден – 440 844 теңгеге;

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 49 008 теңгеден – 50 880 теңгеге;

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге 18 960 теңгеден – 19 685 теңгеге;

Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілгендерге 23 126 теңгеден – 24 009 теңгеге;

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлер жесіріне 13 723 теңгеден – 14 247 теңгеге;

Қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 14 060 теңгеден – 14 597 теңгеге;

Қайтыс болған соғыс мүгедектері, соларға теңестірілген мүгедектердің әйелі (ері) 7 842 теңгеден – 8 141 теңгеге;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы еңбегі үшін 6 525 теңгеден – 6 774 теңгеге;

1988-1989 жыл Чернобыль АЭС-дағы апат зардаптарын жоюға қатысушыларға 18 960 теңгеден – 19 685 теңгеге;

Саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек немесе зейнеткер болып табылатындарға 3 278 теңгеден – 3 403 теңгеге;

ҚР-ға ерекше еңбек сіңіргені үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға 3 278 теңгеден – 3 403 теңгеге;

Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік пен Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге төленетін жәрдемақы 14 703 теңгеден – 15 264 теңгеге артты.

 

Базалық зейнетақы төлемінің 01.04.2022 жылдан бастап мөлшері:

Базалық зейнетақы төлемі, оның ішінде еңбек өтілі бойынша: ЕТКД МӨЛШЕРІ 
10 жыл және одан төмен 54% 37389           20191
11 56% *           20938
12 58% *           21686
13 60% *           22434
14 62% *           23182
15 64% *           23929
16 66% *           24677
17 68% *           25425
18 70% *           26173
19 72% *           26921
20 74% *           27668
21 76% *           28416
22 78% *           29164
23 80% *           29912
24 82% *           30659
25 84% *           31407
26 86% *           32155
27 88% *           32903
28 90% *           33651
29 92% *           34398
30 94% *           35146
31 96% *           35894
32 98% *           36642
33 және одан жоғары 100% 37389           37389

Сәуір айынан бастап арттырылған зейнетақы мен жәрдемақылардың ұлғайтылған мөлшері зейнетақы мен жәрдемақының келесі төлеу кезінде қосымша төлеммен төленетін болады.

Әнуар  Ілеспаев,

Енбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Шымкент

қаласы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік

қамсыздандыру бөлімінің басшысы.                        

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика