Шымкент қаласында өнімдердің қауіпсіздігін мониторингілеу шеңберінде 2022 жылдың I тоқсанында сауда орындарынан барлығы 670 өнім үлгісі іріктеліп, зертханалық зерттеуге тапсырылды (отандық өнім өндірушілердің өнімдері – 88, Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің өнімдері – 443, басқа мемлекеттердің өнімдері – 139).
Зерттелген өнім үлгілерінің ішінде Кеден Одағының техникалық регламенттері талаптарына сай келмейтін 9 өнім анықталды (отандық өндірушілердің өнімдері – 2, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер – 6, басқа ел өнімдері – 1 сынама). Олар: май өнімдері, кулинарлық өнімдер, консервіленген жеміс-жидек, көкөніс өнімі, алкогольсіз сусындар, тағы басқа өнімдер. 9 сынама үлгілерінің 7-і (77,7%) таңбалау, 2-і (22,2 %) микробиологиялық көрсеткіштер бойынша техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеген.
Өнімі талапқа сай келмейтін сауда орындарына кемшіліктерді жою бойынша 3 ұйғарым беріліп, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 425 бабының 1 тармағына сәйкес 1 айыппұл салынды.
Кеден Одағының техникалық регламенттері талаптарына сай келмеген 40,65 кг тағам өнімдері сатылымнан алынып жеткізушіге кері қайтарылды, атап айтқанда: май өнімі – 2,7 л; консервіленген жеміс жидек көкөніс өнімі – 22,1 кг, алкогольсіз сусындар – 5,85 л, тағы басқа тағам өнімі – 10 кг.
Халық тұтынатын өнімдердің қауіпсіздігі – қазіргі таңда дүниежүзілік экономикалық саясаттың күнделікті талқысына айналып отырған мәселелердің бірі.
Күнделікті өмірде өзіміз тұтынып жүрген азық-түлік, басқа да тауарлардың түріне, жалпы сипатына көпшілігіміздің мән бермейтініміз анық. Нәтижесінде, әртүрлі келеңсіз жағдайлар орын алып жатады.
Осы орайда, Шымкент қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандық басқармалармен бірлесе отырып, халықты қауіпсіз және сапалы тағаммен қамтамасыз ету мақсатында, өнімдердің қауіпсіздігіне ай сайын мониторингілеу жұмыстарын жүргізеді.
Құрметті тұтынушылар!
Дүкеннен кез-келген өнімді сатып аларда, оның сыртқы қорабына, дайындалған күні мен жарамдылық мерзіміне, сақталу жағдайына және құрамына аса назар аударған жөн.
Егер Сіз сатып алған өнім сапасыз немес жарамдылық мерзімі өткен болса, Шымкент қаласының аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына немесе тікелей Департаментке шағым түсіре аласыз.
Өз денсаулығыңызға мұқият болыңыз!