Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » Төлебиде тауға шығып жоғалғандар табылды

Төлебиде тауға шығып жоғалғандар табылды

Түркістан облысының құтқарушылары жоғалған 4 азаматты құтқарды. Мамырдың 22-сі күні сағат 22:10-да Түркістан облысы ТЖ департаментінің 112 байланыс пунктіне осы күні сағат 11:00-де Сусіңген көлінен шығып, «Алтын-Дән» демалыс аймағына бағыт алып және қайта оралмаған демалушылардың жоғалғаны бойынша хабарлама келіп түскен.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінің  хабарлауынша хабарлама келісімен Төлеби ауданы, Қасқасу а/о, Керегетас ауылынан 5 шақырым жердегі Наутсай шатқалына ТО ТЖД 17 құтқарушысы, кинология бөлімінің 1 қызметкері, 2 бірлік техника және Полиция департаментінің 4 қызметкері, Ұлттық парктің 5 қызметкері жұмылдырылды.
Соңғы байланыс сағат 23:10-да болды. Ал сағат 02:32-де ТЖД күшімен Наутсай шатқалынан 10 шақырым жердегі Құлыншақты таулы жерінен 4 жоғалған адам табылды. Жоғалғандардың айтуынша тұманда адасып қалғандықтары белгілі болды.
Сағат 06:35-те іздеу тобы жоғалғандарды түсіріп, құтқарды, медициналық көмекті қажет етпеді.
Түркістан облысы ТЖД ЕСКЕРТЕДІ! Егер сіз тауға серуендеуге баратын болсаңыз, бейтаныс жолмен жүрмеңіз. Ыңғайлы киім және арнайы аяқ киім киген жөн. Есіңізде болсын, таулы аймақ қауіпті.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика