Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет »  Дәрі бермей қоюға қақысы жоқ

 Дәрі бермей қоюға қақысы жоқ

  • Сіз білесіз бе?

Сұрақ: Жәнібек, Түркістан облысының тұрғыны:

– Мен астмамен ауыратындықтан емханада арнайы есепте тұрамын. Жақында маған емханадағылар медициналық сақтандырылмағанымды айтып, бұрын алып келген дәрілік заттарды беруді тоқтатты. Бұл қаншалықты заңды?

Жауап:

– Демікпе – динамикалық бақылауды қажет ететін әлеуметтік маңызды ауруларға жатады. Пациент медициналық сақтандырылғанына немесе сақтандырылмағанына қарамастан, қажетті дәрілік заттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сізге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретін медициналық көмектен немесе дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуден бас тартуға құқы жоқ. Тиісті органдарға шағымдануға қақыңыз бар.

Сұраққа «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев жауап берді.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика