Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Ордабасылық оқушылар бабалар тарихымен танысты

Ордабасылық оқушылар бабалар тарихымен танысты

Мемлекет басшысының жарлығымен биылғы жыл «Балалар жылы» деп жарияланып, оларды денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, мәдени, рухани салада қолдау бағытында нақты шараларды қолға алу керектігі тапсырылған-ды. Осыған орай балаларды қорғау күні қарсаңында Түркістан облысының Ордабасы ауданында жергілікті әкімдіктің ұйымдастыруымен «Ұлт рухының ұстыны – Ордабасы» атты көшпелі тарихи экскурсия ұйымдастырылды.

Өткен тарихымыздан сыр шертетін іс-шара аудандық Мәдениет үйі ғимаратының алдында салтанатты түрде басталып, аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл мән-маңызы зор жиынды ашып, тарихи экскурсияға сәттілік тіледі. Іс-шараға аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Қ.Бектаев, Амангелді, Н.Оразбаев атындағы және Темірлан жалпы орта мектептен 100-ден астам оқушылар қатысты. Бөлім тарапынан дайындалған үш автобусқа жайғасқан жасөспірімдер үш жүздің басы қосылған – Ордабасы тауына, Қарауыл төбеге, Аққойлыдағы Ақмешіт тарихи сәулеттік ғимаратына, ондағы мұражайға саяхат жасады. Сондай-ақ, оқушылар аудандық Мәдениет үйі ұсынған театрландырылған қойылым мен рухты әндерді тамашалады. Экскурсия барысында балалардың қауіпсіздігі үшін полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері қызмет көрсетті.

Үш бидің басы қосылып, елді бірлікке шақырған киелі ауданда мұндай іс-шаралар жиі өтіп тұрады. Патриоттық тұрғыда пайдасы орасан осындай жиындардың көптеп ұйымдастырылғаны болашағынан үміт күттірген жастардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз.

Ә.НАУАЙЫ.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика