Қазіргі нарықтық кезеңде біз көрші аудан, облыс тіпті шет мемлекеттерден инвестиция тартып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруымыз керек. Бұл бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатта Жамбыл облысының Сарысу ауданы мен Түркістан облысының Созақ ауданы арасында экономикалық байланыс артып келеді. Өткен жылы екі аудан арасында жол төселіп, тұрғындар арасында іскерлік байланыс артып, өзара өнім алмасуға мүмкіндік туды.
Жол салынғалы Сарысу мен Созақ аудандары арасында сауда-саттық, экономикалық байланыс жоғарылаумен қатар, бауырмалдық қарым-қатынас та арту түсті. Жуырда Жамбыл облысына қарасты Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев Созақ ауданының Құмкент ауылдық округіне арнайы келіп, тыл ардагерлері Бәкіров Асаубай мен Науанов Совет қарияларды жеңіс мерекесімен құттықтады. Шапан жауып, сый сияпат көрсетті. Өз кезегінде қариялар да рахметін айтып, батасын берді. Ақсақалдарға көңіл бөліп, құрмет көрсеткені үшін Сарысу ауданы әкімдігіне біз де алғысымызды білдіреміз.
Е.Досболов,
Құмкент ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Созақ ауданы.