Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Бала шақтан – болашаққа…

Бала шақтан – болашаққа…

 Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен биылғы жыл Балалар жылы деп бекітілгені белгілі. Осыған орай, Орырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты М.Әуезов мектебінде балалардың сапалы өмір сүруіне, қауіпсіз қоршаған ортада өсіп-өнуіне ықпал ететін, жақсы білім алуына мүмкіндік беретін көптеген іс-шаралар жүзеге асуда. Мектеп директоры Сыздықәлі Айнұр Әбдіғаппарқызының жетекшілігімен биылғы оқу жылында осы бағытта ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.

Осындай іс-шараның бірі бастауыш сынып бірлестігінде көрініс берді. Нақты айтқанда, 4-сынып оқушылары «Бала шақтан – болашаққа» атты бастауыш сыныппен қоштасу кешін өткізді. Әсем безендірілген сахнаның көркін әдемі киінген бүлдіршіндер аша түсті. Балдырғандарымыз ортада өз өнерлерін көрсетіп, бізді бақытты балалық шаққа баурап әкеткендей әсер қалдырды. Мектеп, ұстаз туралы әндер шырқалып, өлеңдер айтылды. Кеш соңында апайлар бүлдіршіндерге ақ батасын берді.

Биылғы 4 сыныпты 85 оқушы аяқтап, олардың 18-і оқу үздігі атанды. Мұны сынып жетекшілері Рабиға Сарсенбаева, Дүрия Бастарбекова, Гүлдана Абылова, Жазира Сапарбаева секілді ұстаздардың еңбегі деп бағалауға болады.

Гүлжан Афиз,

М.Әуезов атындағы мектеп бастауыш сынып

бірлестігінің жетекшісі, Отырар ауданы.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика