Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Кентауда келелі кеңес өтті

Кентауда келелі кеңес өтті

 Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала – ата-ана айнасы» тақырыбында ата-аналар форумы болып өтті. Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында көрініс берген іс-шараның мақсаты – ата-аналардың отбасындағы қарым-қатынастарын үйлесімді ету, өзара қолдау және сенімділік атмосферасын қалыптастыру. Сондай-ақ, балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-аналар тарапынан жауапкершілікті күшейту.

Бұл форумға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие саласы бойынша өкілі Қайрат Арап, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті теология факультеті деканының орынбасары, «Отбасы хрестоматиясы» айдарымен шығатын көптеген кітаптардың авторы жас ғалым Мұхит Төлегенов, сонымен қатар, мектеп, бөлім басшылары мен ата-аналар  қатысты. Кентау қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Баянғали Жұмабаев форумға модераторлық етті.

Маңызды жиында алғы сөз Кентау қаласы әкімінің орынбасары А.Байболова берілді. 2021-2022 оқу жылында тәрбие саласындағы атқарылған жұмыстар бойынша Ата-түрік атындағы №4 мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абзал Жетпісбаев «Баланы тәрбиелеу – болашағымызға салған капитал» тақырыбында баяндама жасады. «Отбасы психологиясы» тақырыбын қаузаған Мұхит Төлегенов балаларды ұлттық рухани құндылықтармен тәрбиелеу және «Логотерапея», яғни «мәнмен» емдеу туралы аса құнды кеңестерімен бөлісті.

Форум барысында мектеп психологтары «Мұғалім мен ата-ана және оқушы арасындағы дәл бүгінгі жағдайды ата-ана ретінде қалай бағалар едіңіз?» – деген сауал төңірегінде ата-аналардан тікелей сұхбат алып, психологиялық-практикалық жұмыстар жүргізді. Қалалық ата-аналар комитетінің төрағасы Ғалымжан Әлиманов «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» тақырыбында ата-аналарды пікірлесуге шақырып, баланың алғашқы тәрбиешісі ата-анасы, бала әке-шешесінің үлгісінде тәрбиеленетініне назар салды. Өскелең ұрпақ ел тізгінін ұстайтындай азамат болсын десек, ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың жаңаша бағыттарын қарастырып, бала-шағамыздың болашағына ықпал ету әрбір ата-анаға тікелей қатысты екенін, сол себепті келесі оқу жылында ата-аналармен бірлесе атқарылатын нақты жұмыс жоспарын жасау маңызды екеніне тоқталып өтті.

Кері байланыста ата-аналар жиыннан алған әсерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Форум соңында белсенді және үлгілі ата-аналар мен ұстаздар марапатталды.

Қ. БАСТАУ.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика