Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Өлім жазасы – керек  жаза

Өлім жазасы – керек  жаза

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 5-маусымда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлығы шыққаны белгілі. Мемлекет басшысының бұл бастамасын бүкіл халық болып қолдауда десем, қателеспейтін шығармын. Себебі Ата заңымыздағы болып жатқан бұл өзгерістер көптің көңілінен шығуда. Соның бірі менмін.

Алайда, мен келіспейтін бір мәселе бар. Ол – өлім жазасының алынып тасталуы. Жобаны мұқият қарасаңыз «15-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасына тыйым салынады» делінген. Конституцияға енгізіліп отырған өзгерістің дені дұрыс, бірақ бізде өлім жазасын алып тастауға әлі ерте секілді. Мысалы, Қытай, Үндістанды айтпағанда демократиясы дамыған деген Америка Құрама Штаттарының көптеген штаттарының өзінде өлім жазасы сақталған. Олай болса неге біз алып тастауымыз керек?

Біз елімізді криминогенді элементтерден толық құтылды, тазарды деп айта алмаймыз. Теріс ағымдағы адамдар, терроршылар жоқ деп те ешкім кепілдік бере алмайды. Олардың қоғамға туғызар қаупі өте жоғары. Ал аса ауыр қылмыстарды жасаған қылмыскерді салықшылар есебінен өмір бойы асырау елімізге тиімсіз. Сондықтан мен бұл мәселе бойынша біржақты шешім қабылдауға әлі ертерек дегім келеді.

Сондықтан мен жобадағы «Өлім жазасына тыйым салынады» деген сөйлемді алып тастауды сұраймын. «Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ», – дейді, сонда қылмыскер жазықсыз бірнеше жанның өмірін қиюға хақысы бар да, оның өмірін қиюға болмайды ма? Мұндай жұмсақ заңмен аса ауыр қылмыстарды құрықтау қиын.

Хасен Тұрлыбеков, Отырар ауданы.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика