- Сіз білесіз бе?
Сұрақ:
– Ауруханаға жату үшін ПТР тест тапсыруды міндеттеп жатыр. Тегін тапсыруға бола ма? Ақысыз тапсыру кімдерге рұқсат етілген?
Жауап:
– Егер науқаста тұмаудың немесе пневмонияның белгілері болса, емханадағы сүзгі-кабинетінде короновирусқа ПТР тест тапсырады. Сондай-ақ, басқаларға жұқтырмау үшін емханаға қоңырау шалып, үйге мобильді бригаданы шақыруға болады. Көрсетілетін қызметтер тегін, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ақысыз жүргізіледі. Өйткені, айналадағылар үшін қауіп төндіретін инфекциялық ауру. Пациенттің МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан көрсетіледі. Сонымен қатар, коронавирус анықталған пациентпен байланыста болған адамдардан да ПТР тест алынады. Егер шетелге шығуға мүмкіндік алу үшін жұмыс орнына талап етілсе, онда адам ПТР тесті өз қаражаты есебінен төлейді.
ПТР-тестті ақысыз тапсырудың жолдары:
* медициналық көрсеткіштер бойынша фильтр кабинетіне жүгінген кезде – ЖРВИ және вирустық пневмония белгілері болған кезде;
* коронавирустық инфекцияға күдікті науқас үшін мобильді топты үйге шақырған кезде;
* жедел тест нәтижесі оң болған жағдайда стационарға шұғыл емдеуге жатқызу кезінде;
* жоспарлы емдеуге жатқызуға немесе ауруханаға дейінгі тексеруге жіберу кезінде;
* жүкті әйелдерге 37 аптадан бастап босануға емдеуге жатқызу үшін;
* гемодиализдегі пациенттерге.
Сұрақ:
– Диагностикалық тексеруден кімдер тегін өте алады?
Жауап:
– Егер өкпеде қабыну процестерінің дамуына күдік болса компьютерлік томография немесе кеуде қуысының рентгенографиясы жасалады. Диагностиканың бұл түрлері пациентке тегін, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тәуліктік стационарға емдеуге жатқызу кезінде ақысыз жүргізіледі. Яғни, пневмония белгілері бар сақтандырылмаған науқастар да аталмыш көмектерді алуына болады.
Науқасты ауруханада емдеу үшін ПЦР тесттің оң нәтижесі жеткіліксіз. Яғни, пациентте сатурацияның төмен деңгейі, ентігудің жоғарылауы, өздігінен дем ала алмау, өкпенің зақымдануы жоғары деңгейі байқалса пациентті шұғыл ауруханаға жатқызу қажет.
Сұрақ:
– Науқасты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету қарастырылған ба?
Жауап:
– Тәулік бойғы стационарға емдеуге жатқызу кезінде пациент емдеу хаттамасына сәйкес қажетті дәрі-дәрмектерді толығымен алады.
Сұрақтарға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев жауап берді.