Кейінгі кездері Кентау қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Айталық, осы жылдың наурыз, сәуір айларында қаланың орталық 19 көшесіндегі 34,6 шақырым жолға шұңқырларды жамау, жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңарту жұмыстары жүргізілген.
Сонымен бірге, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Қарнақ ауылындағы он көшені орташа жөндеуге республикалық бюджеттен 87,2 млн теңге қаржы қаралған. Бүгінгі таңда мердігер мекеме анықталып, шаруа келісім шарт құру сатысында тұр.
Сонымен қатар, субвенция есебінен қаланың жеті көшесіндегі жалпы 3 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. 2022 жылға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында мердігер мекеме «VIP Story Company» серіктестігі 12,7 шақырымды құрайтын 29 көшені орташа жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Бұл мердігер мекеме тарапынан 2023 жылға жоспарланған 11,6 шақырымды құрайтын 19 көшені биыл өз қаражаты есебінен жөндеу межеленген.