Батыршаев тұрғындар уәжіне құлақ түрді

Кәсіпорны шоғырланған Ордабасы ауданының әлеуеті жыл сайын артумен келеді. Әрине, кіріс көзін көбейту бар да, оны орынды ұқсату жоғары жауапкершілікті талап етеді. Тұрғындардың әлеуметтік ахуалының деңгейі аудан экономикасына тәуелді екені түсінікті. Осы тұрғыдан алғанда Ордабасы ауданының айы оңынан туып жүр десек, жалған болмас. Аудан тізгінін ұстаған Бағлан Батыршаев елдің әлеуметтік ахуалын назардан тыс қалдырған емес.

Ел азаматтары мұң-мұқтаждықтарын ашып айту мүмкіндігіне әкімнің жеке қабылдауында ие болып жатады. Тұрғындарға осындай мүмкіндікті жиі жасауға ұмтылған аудан басшысы Бағлан Дәнебекұлы жуырда тағы жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында аудан басшысы Шұбарсу, Шұбар, Бадам, Қажымұқан, Төрткөл ауылдық округінен келген 10-нан астам адамның айтып келген мәселесіне құлақ түріп, толғандырған сауалдарына жауап берді. Түйіткілді мәселелер негізінен егістік жер дауы, жұмыспен қамту, коммуналдық мәселе, инженерлік-инфрақұрылым, тұрғын үй алуға қатысты болды. Кәсіпкерлікті дамыту, денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсету сапасын жақсарту төңірегіндегі өзекті мәселелер мен оларды шешудің тиімді жолдары талқыланды. Бағлан Дәнебекұлы барлық өтініштерге толық жауап беріп, бірінші кезекте ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру бағытындағы жобаларға көңіл бөлінетітін атап өтті.

Азаматтардың жағдайын жақсартуға арналған бағдарламаларды жүйелі іске асыру үшін аудан әкімдігінің салалық бөлімдері, ауылдық округ әкімдіктері кешенді түрде жұмыс істеу керектігін ескертті.

Жанар Аршабаева, Ордабасы ауданы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған