Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Алпамыстықтар ауыз су пайдаланатын күн алыс емес

Алпамыстықтар ауыз су пайдаланатын күн алыс емес

Халық көп нәрсені талап етпейді. Үкімет, жергілікті атқарушы билік тарапынан тіршілігіне ыңғайлы жағдай жасалып, яғни сапалы су, газ, жарық, жол, интернетпен және тұрақты жалақысы бар жұмыспен қамтыса жеткілікті. Сосын бағаға қатаң бақылау жасау өте маңызды. Мұндай кезде қылмыстың да құрықталатыны түсінікті. Әрине, бұл нәтижеге жемқорлықты жоймай қол жеткізу қиын.

Аудан, қалалар аталған қажеттіліктердің барлығымен қамтылған деп айтуға әлі ерте. Дегенмен, қу шөппен ауыз сүртуге де болмайды. Мәселен, өз алдына енші алғанына көп бола қоймаған Келес ауданында бүгінде жол төселмеген ауылды кездестірмейміз. Барлық елдімекендер жарықпен қамтамасыз етілген. Газ мәселесі де рет-ретімен шешімін табуда деп айтуға әбден болады.

Аудан орталығынан шалғайдағы Алпамыс батыр ауылдық округінің бірнеше елдімекені бұған дейін таза ауыз судан таршылық көріп келген болатын. Осыны ескерген аудан әкімі Ахментай Есбаевтың нақты әрекетке көшуінің нәтижесінде Ақжол және Қауыншы елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Республикалық және облыстық бюджеттен қаржы қаралды. 2021 жылдың сәуір айында құрылыс монтаж жұмыстары басталып, бұйыртса осы жылдың қараша айында аталған екі ауылға ауыз су берілуі тиіс. Бүгінгі таңда құрылыс нысанының су бұрғылау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар елді мекендердің ішкі жүйелеріне құбыр жүргізу жұмыстарының 60 пайыздан астам бөлігі аяқталған.

Алпамыс батыр ауылдық округ тұрғындарымен кездесу барысында аудан басшысы атқарылған жұмыстардың барысына қысқаша тоқталып, қойылған сауалдарға жауап берді. Ауылға ауыз су берілгеннен кейін көшелерді жөндеп, абаттандыру жұмыстары жүреді. Ауылда басқа инфрақұрылым мәселесі шешімін тапқан. Жиын соңынан аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, уәждеріне құлақ түрді.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика