Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Мырзакенттік дәрігерлердің мерейі үстем болды

Мырзакенттік дәрігерлердің мерейі үстем болды

Маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Осы айтулы күнге орай көптеген аудандарда ақ халаттылар арасында спорттың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылды. Осындай дүбірлі дода Мақтаарал ауданындағы Атакентте көрініс берді.

Дәрігерлердің кәсіби мерекесіне байланысты облыстық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Атакенттегі «Алпамыс батыр» стадионында спорттың төрт түрінен спартакиада болып өтті. Байрақты бәсекеге Жетісай қаласының, Атакент, Асықата, Мырзакент кенттеріндегі аудандық аурухана  ұжымы қатысты.

Сайыпқырандар түскен сайыста бас дәрігер Берік Есімханов бастаған «Мырзакент» аудандық ауруханасының ұжымы футбол, волейбол және үстел тенисінен ІІ орынды иеленіп, мерейі үстем болды. Осылайша мырзакенттік ақ халаттылар өзгені емдеу ісімен ғана айналыспастан, өздерінің де салауатты өмір салтын берік ұстанатынын дәлелдеді.

Ұ. БЕК.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика