Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Отырарда жүйелі жұмыстар жалғаса береді

Отырарда жүйелі жұмыстар жалғаса береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі әкімдерге халықпен тұрақты түрде, жиі-жиі кездесіп, олардың талап-тілектері мен мұң-мұқтаждарын мүмкіндігінше жедел шешіп отыруды міндеттегіні белгілі. Президенттің осындай талап-тапсырмасына сәйкес ауданның он екі ауыл округіндегі мән-жайлармен жан-жақты танысқан Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанхановтың кезекті кездесуі Шәуілдір ауыл округінде өтті.

Киелі ауданымызда жыл басынан бері атқарылған ауқымды жұмыстар бейнебаян арқылы таныстырылған соң аудан басшысы алдағы уақытта атқарылатын толымды тірліктерді сала-сала бойынша баяндады. Кезек сұрақ-жауапқа келгенде сөз алғандар қатары көп болды. Әрине, өмір болған соң, тұрғындардың күнделікті тіршілігінде игілігін көріп, пайдаланғысы келетін бүгінгі заман жетістіктері арта түскен сайын өтініш, мәселе, талап-тілектердің де көбейе беретіні табиғи заңдылық. Кездесуде сөз алып, көкейлеріндегі ой-пікірлерін ашық айтқан Жұмахан Әбдіқадыров, Есенгелді Диханбай, Аралбай Асан, Мәрия Белгібай, Есен Түкібаев, Дина Төлегенова, Бейбіт Барлыбаев, Пердехан Жаппарқұлов, Нұрлыхан Әжімұратов, Таңат Әбікеев секілді азаматтар ауылда жайылымдық жерлердің тапшы екенін, аудан орталығының тұрғындары табиғи көгілдір отынның игілігін қашан көретінін мәселе ретінде көтеріп, өз көшелерінің жөнделіп, аяқжолдар салынып, жарықтандырылса, көше бойлары мен каналдар талапқа сай тазаланып, халыққа қажетті ағын су берілсе, әлеуметтік қамқорлықты ауадай қажет ететін мүгедек жандар жанашырлық көзқарас, қамқор пейілдерден тыс қалмаса екен деген сияқты өтініш-тілектерін жеткізіп, оларға тұщымды жауаптар алды.

Кездесуден соң аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады. Айтылған өтініштерге жеке-жеке тоқталып, жауап берген әкім заң аясында оң шешімін табуға қолдау білдіретінін жеткізіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Жасұлан Орынбасарұлы.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика