Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

Тұрғындардың талап-тілегін тыңдады

Осыдан үш жыл бұрын Үкіметтің кеңейтілген отырысын алғаш рет өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет «еститін мемлекетке» айналуы тиіс деп тапасырма берген болатын. Яғни билік халықтың мұң-мұқтажын дер кезінде естіп, кері байланыс орнату қажет. «Шенеуніктердің әлеуметтік желіде белсенді болуы – интернет дәуірінде – міндет» деген болатын сол кезде мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Кемеұлының бұл тапсырмасы бүгінде Ордабасы ауданында жоғары деңгейде жүзеге асып отырғаны байқалады. «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Бағлан Батыршаев тұрғындардың арыз-шағымдары бойынша ашық қоғамдық қабылдау өткізді. Оның бәрі әлеуметтік желіде таратылып, қоғамнан оң бағасын алуда.

Сол күнгі қабылдауға жазылған Бөржар, Бадам, Қажымұқан ауылдық округіне қарасты ауыл, елді мекендерден келген 10-нан астам тұрғын жеке мәселелері бойынша аудан басшысына өз өтініш-талаптарын айтты. Қоғамдық қабылдау барысында Ақбұлақ ауылындағы жарықтандыру, ауыз су, Қайнар ауылындағы жайылым, үйіргелік жер, Темірландағы тұрғын үй салуға жер телімін сұрау мәселесі көтерілді.

«Ауданда электр желілерін тарту, ауыз су құбырларын жүргізу, ауыл, елді мекендердегі жолдарға асфальт, тас төсеу бойынша жұмыстар мемлекеттік бағдарламалар арқылы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Президентіміздің Жолдауларындағы тапсырмаларға орай пайдаланылмай, игерілмей жатқан жерлер аудандық жер қорына қайтарылып, ортақ жайылымаға берілуде. Ал, тұрғын үй салуға арналған жер телімін беру ісі инженерлік-инфрақұрылым жұмыстары жүргізілген жағдайда ғана жүзеге асады», – деді аудан әкімі қоғамдық қабылдауда.

Аудан тұрғындарының арыз-шағымын мұқият тыңдаған Бағлан Дәнебекұлы өтініштерді заң аясында қарап, ауылдастардың мәселесін уақтылы шешуге күш салатындығын жеткізді. Сонымен бірге әрбір ауылға барған сапарында да бұл мәселелерді жеке талқылап отыратынына тұрғындарды сендірді. Сондай-ақ, салаға жауапты әкім орынбасарлары мен құрылымдық бөлім басшыларына тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп, қордаланған мәселелерді бірлесіп шешуді тапсырды.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика