Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Халық қалаулысы халық қамын ойлады

Халық қалаулысы халық қамын ойлады

Парламент мәжілісінің депутаты Сырым Ертаев жуырда Отырар ауданына іс-сапармен келді. Сол кезде қоғам белсенділері механикалық тазалау сәтінде өткелдердің қалпына келтірілмей, дрендердің жағалауларын тегістемей қалдырып кетуі салдарынан шаруалардың егіс алқаптарына кіріп шығу, техникаларды кіргізу мәселесінде қиындықтар туындап жатқаны жөнінде мәселе көтерген еді. Бұл жағдай бас-аяғы 15 күнде ретке келтірілмесе шөп ору, дән себу секілді дала жұмыстарының уақыты өтіп кететіні, көктемгі дайындық жұмыстарының барлығы зая кетіп, шаруа шаш етектен шығынға бататыны ескертілген-ді.

С.Ертаев Елордаға барған сәттен бастап «Қазсушар» мекемесінің басшылығымен аталған мәселеге байланысты кездесу өткізіп, егін науқаны кезеңінде өткелдер мен жағалау жолдарды уақытша ретке келтіру жөнінде шаруалардың өтініштерін жеткізді. Соның нәтижесінде Отырар және Қарғалы ауыл округтерінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, шаруалар техникаларын өткізіп, егіндерін уақытында егіп, шөптерін орып жатыр.
«АМАNАТ» партиясы Отырар аудандық филиалы атынан Мәжіліс депутаты Ертаев Сырым мырзаға шаруалардың мәселесіне бей-жай қарамай, шешілуіне атсалысқаны үшін алғысымызды білдіре отырып, қызметіне сәттілік тілейміз.

Нұрсұлтан Боранбайұлы,

«АМАNАТ» партиясы Отырар аудандық филиалының кеңесшісі.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика