Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Келес өнімдері шетел асуда

Келес өнімдері шетел асуда

Келес ауданының климаты егін егуге қолайлы. Егіншілікті дамыту мақсатында аймақта биыл 1648 гектарға жуық бақша дақылы егіліп, одан 65 мың тоннадан астам өнім жинау күтіліп отыр. Оның ішінде қарбыз 1144, қауын 504 гектарды құрайды.

Шаруалар қарбыздың алғашқы түсімін жинап, нарыққа шығарды. Қазіргі таңға дейін аудан диқандары 1200 тоннаға жуық бақша өнімін Қазақстан өзге аумақтарына және ТМД елдеріне экспортқа шығаруда. Қазіргі таңда тұтынушылар қарбызды егістік алқабының басынан келісін 100 теңгеден сатып алуда.

Өткен жылы ауылшаруашылығы саласындағы өндірілген өнім көлемі 62,2 млрд теңгені құраған еді. Егін шаруашылығы бойынша егіс көлемі 24,5 мың гектарға кеңейтіліп, 187 гектарға артқан-ды. Демек, биылғы табыс былтырғыдан да мол болады деген сенім бар.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика