Кентау қаласы әкімдігінің кезекті аппараттық жиналысында ауыл тазалығын ретке келтіруде баяу жұмыс жасаған ауыл әкімдеріне сөгіс берілді. Жиналыс қала әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өтті. Оған барлық бөлім басшылары, ауыл әкімдері қатысты. Негізі күн тәртібінде төрт мәселе қаралды.
Бірінішісі бойынша, яғни, өңірге инвестиция тарту және кәсіпкерлікті қолдау шаралары бойынша қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қадырхан Төлепбергенов баяндама жасады. 2022 жылы Кентау қаласында 3,5 млрд теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асып, 154 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Соның ішінде бір жоба сәуір айында іске қосылып, 30 жаңа жұмыс орны ашылған. Екінші мәселе жұмыспен қамту саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар. Бұл бойынша Халықты жұмыспен қамту КММ директорының орынбасары Жақсылық Қайдаулов баяндап өтті. 2022 жылға тұрақты және уақытша жұмыспен қамту шараларына 3848 жұмыссыз азаматты қамту салалық басқарманың жоспарында бар. Бекітілген жоспарға сәйкес жыл басынан бері 1578 адам уақытша және тұрақты жұмыс орындарымен қамтылған. Атап айтқанда, мемлекеттік грантқа – 173, тұрақты жұмыс орындарына – 760, әлеуметтік жұмыс орындарына – 183, жастар практикасымен – 126, алғашқы жұмыс орындарына – 23 адам орналасқан.
Нәтиже көрсетіп тұрғандай, әлі де болса жоспардағы межені бағындыра алмай отырған бөлімдер бар. Қала әкімі тарапынан бөлім басшыларына бірқатар ескертулер жасалды. Атап айтқанда, Инвестиция саласы бойынша екі апта көлемінде нақты қандай қолдаулар қажет, қандай мүмкіндіктер бар, қанша жұмыс орнын және қашан ашуғ ақауқарлымыз, несие алу шарттары, қай салада зауыт және кіші кәсіпкерлік нысандары ашылуы тиіс екені жайлы нақты ақпарат беру керектігі тапсырылды. Болашақта нақты қандай салаларда жұмысшы қажет болатыны, оны қамтамасыз ету үшін қалада қандай жұмыстар атқарылуы тиіс, қандай бағдарлама енгізу және жастарды қолдау арқылы жағдайды түзету мүмкіндіктері барын анықтауды тапсырды.
Әлеуметтік желілерде парақша ашу арқылы халықпен кері байланыс орнату және ақпараттандыру – Президент тапсырмасы. Апта соңына дейін парақша ашып, халық алдындағы ақпараттандыру және кері байланыс орнату міндеті жүктелді.