Мәйітке сараптама тағайындау үшін тергеуші сарапшыларға ақпарат береді. Мұнан соң, сарапшы мәйіттің зақымдануын олардың пайда болу кезеңінде туындаған нақты жағдаймен салыстыра келіп, бағалайды. Ресми рәсімделмеген мәйітке сараптама тағайындау туралы шешімдердің салдарынан істің мән-жайы нақты анықталмайды. Сонымен қатар, қылмыстық іздестіру қызметкерлерінің талабы бойынша тәуліктің кез келген уақытында шұғыл сараптама жүргізіледі. Бұл сараптама тергеушінің тағайындау туралы шешім болмаған кезде жүргізіледі. Сараптама жұмыстан тыс уақытта зақымданулардың дәйекті сипаттамасынсыз, мәйітті суретке түсірмей, көбінесе техникалық көмекшісіз жүргізілдіктен толықтай зерттеуге кері әсерін тигізеді.
Мәйітке сараптама тағайындау кезінде полиция департаменті мен сот-сараптамалық институтының бірлескен қызметінде кездесетін кемшілік бар. Яғни, ауруханада қайтыс болған адамның мәйітке қатысты істің мән-жайын көрсете отырып, анықтау органдарының рұқсатынсыз зерттеуге жібереді.
Сот-медициналық практиканың мүмкіндіктері бойынша білмеуімен тергеу органдары қызметкерлері сот дәрігерлеріне мәйіттің сараптамасын жүргізгеннен кейін шағымданады. Жалпы, бұл жұмыстар сот сараптамалары орталығының әдістемелік ұсынымдары мен нұсқаулары бойынша жүргізіледі.
Мәйітханадағы мәйітті бастапқы зерттеуге тергеуші мен сарапшылары бірлесіп күш салса, сапалы жұмыс болады. Яғни, сараптама сапасын жақсартуға, тергеу деңгейін арттыруға, ғылыми негізделген зерттеулер жүргізуге септігін тигізеді.
Сарапшы мен тергеушінің жұмысындағы өзара әрекеттесудің оң формаларының бірі, біздің ойымызша, қосымша зертханалық зерттеулерді бағалай отырып және іс бойынша нақты жағдайларды ескере отырып, сараптамалық қорытындыларды әдістемелік кеңестің отырыстарында ұжымдық талқылау болып табылады. Біз бұл жұмыс түрін қарастырамыз немесе кісі өлтіруді тергеудің әр жағдайын талдаумен бірлескен жұмыс жиналыстарын өткізу кеңірек жүргізілуі керек. Өзара наразылықтарды талқылай отырып және сот-медициналық сараптаманы тағайындау және жүргізу кезінде жіберілген кемшіліктерді достық, іскерлік жағдайда анықтай отырып, жыл сайынғы кеңестер өткізу біздің азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстарды сәтті тергеуге көмектеседі.
А.Айтбаев,
Н.Қуанов,
Сот-сараптамалық институтының
Түркістан облысы бойынга сарапшылары.