Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Мəдениет жəне өнер » Шыншыл ақын болу деген – азаптың ең азабы…

Шыншыл ақын болу деген – азаптың ең азабы…

Мұхтар деген аттың өзі араб тiлiнде таңдаулы, дара, еркін деген мағынаны білдіреді екен. Басқа саланы былай қойып, әдебиетті, көркем сөз саласын ғана айтар болсак, Абайды күллі әлемге таныту арқылы қазақты танытқан Мұхтар Әуезов, шығармалары алпысқа жуық ұлттың тiлiне аударылған Мұхтар Шаханов, өз шығармаларымен оқырмандарына кеңiнен танымал жазушы Мухтар Мағауин сынды азаматтарымыздың бар екенiн ескерсек, есiмнiн адам тағдырына әсерін тигiзедi дегенге тағы да бiр көз жеткiзгендей боламыз.

Түркi халықтарына ортақ мұра «Манас» идеологияның қылышынан қаны тамып тұрған уақытта айбатынан қаймықпай, эпосын халықтың санасынан өшіріп тастау әрекетiне қарсы шығып, әдеби мұрамызды сақтап қалған Мұхтар Омарханұлын қырғыз бауырлар айырықша құрметтейді. «Қырғыз үшiн отқа салған қанатын, Ол – Мұхтар Әуезов болатын» деп ақын айтқандай, осы ерлiгi үшiн заңгар жазушымызды қырғыздар ата Мұхтар десе, 1959 жылдан бері әдебиет майданында еркiн кесiлiп келе жатқан Шахановты Әуезовтiң жолын жалғастырушысы деп, бала Мұхтар дейді екен. Сол Мұхтар бүгін дара Мұхтар, дана Мұхтар деп атануына толық құқығы бар, атанып та жур. Әдебиеттанушы Зейнолла Қабдолов өз еңбектерiнiң бiрiнде жазушының еңбегiне байланысты творчествонын азабы деген ойды айта келіп, Лев Толстойдын «…миллион сөз ойлап, сонын тек бiрiн ғана таңдау- кандай азап?»> деген сөзін айта келіп, өз тарапынан бұған косымша: « Алайда шын таланттын рахаты да сол – азапта: … миллион сөздiң iшiнен бiреуiн тауып, сол сөзді дәл орнына дір еткізе түсіру – азаптан туған рахат», -дейді. Ғалым сөз құдіретін өзі де барынша сезініп, барынша түсініп, сол азаптан өзі де рақат тапқаннан кейiн айткан болар. Сөзді тауып орнына кондыру азап болса, сол үшiн өлiп кетуiн мүмкін екенін біле тұра, тайсалмай шын сөзді, шындықты айту – азаптын азабы екені тағы да рас. Мұхтар ағамыздың «Ақындықтың мiндетi мен азабы» деген өленiндегi:

Шыншыл ақын болу деген – азаптың ең азабы,

  Сол азапқа төзе бiлу – ғажаптың ең ғажабы.

 Соңғы он жылда өз тiлiмде, ой-санамда жаңғырар,

 Бiр жақсы өлең оқымаппын өзiмдi таң қалдырар.

 Қаншама жыр жаңалықсыз, түйсiгi жоқ, алды бар,

 Сөз тiркесi негiзiнде тек ұйқасы сән құрар.

  Ақындық күш – айтылмаған ой-сезiмдер жиыны,

   Ол биiктен бой көрсету – қиынның ең қиыны-

деген жыр жолдарын окығанда, ұлы ақын болу өз алдына, онымен қоса шыншыл ақын болу – әркімнің маңдайына жаза бермейтiн тагдырдың тартқан ғаламат бір сыйы екендiгiн сезінесің. Өйткені шындыкты айту Мұхтар Шахановтай дара тұлғалардың, батыр тұлғалардыӊ ғана қолынан келеді. «Әдебиет әр ақын өз ақиқат өмiрдiң сырлы суреті, халыктын көркем тарихы» демекші, заманының перзентi, өзi өмiр сүрген қоғамда болып жатқан оқиғалар оның шығармасында көрініс табуы – заңдылық. Ғасырлар тоғысында өмiр сүрiп, поэзия мұхитында алған бағытынан таймай, жыр кемесімен толқынын жарып келе жатқан ақын, кеңестiк дәуiрiнде де iрiп шiруге айналған  тотолитарлық билікті өткір тілмен оңдырмай сынаған болатын.Кезінде орыстың шыншыл да сыншыл ақыны Е.Евтушенконың аударуымен КСРО-ны былай қойып, дүние жүзiне тарап кеткен, «12-3=?» деген өлеңiнде биліктің жай-күйiн философиялык тұжырымдарымен әшкере еткен болатын. Мұхтар Шахановтың даналығы – шығармалары аркылы философиялык ой қорытуында.

Ак дегені алғыс, қара дегенi қарғыс болып тұрған Кеңес үкіметі кезiнде ен жогаргы мінберлерден жаны шырылдап, жалған айыптау мен жаладан тұтастай бір ұлтты, қазақ ұлтын, арашалап алғанын тарих ешқашан ұмытпақ емес. Әлемдік деңгейдегі классик жазушы, М.Шахановтын досы Шыңғыс Айтматов бұл туралы: « Мен Желтоқсан оқиғасын ХХ ғасырдың ұлы оқиғалардың бiрi деп бiлемiн. … Мұхтар – халкынын киын шақта жел өтінде ұстаған, ел iшiнде батыр қатарында мойындалған перзенттерінің бірі. 1986 жылғы Кеңес Одағындағы тоталитарлық жүйеге қарсы батыл бас көтерген қазақ жастарын ақтап алуда, ол өз тағдырына төнген қауiпке қарамай, нағыз өрлік, еркектік мінез көрсетті…»,- деп баға берген еді. Төскейде малы, төсекте жаны қосылған бауырлас қыргыз елi:

Екi халык доштоссун,

 Қазақ мечен кыргыздай.

  Екi жигит догмоссун, Мухтар менен Шыңғыздай –

деп, екi ел мен екі әдебиет алыбын жырға қосады екен. Қырғыз елінде елшiлiк қызметте жүрiп, екi дос Алматы қаласына қызметтік сапармен келген сәтiнде, КСРО-ның ең бірінші де соңгы президенді М.С. Горбачевтың келгенін біледі. Осы сәтті пайдаланып, М. Шаханов кезiнде оның жасаған қылмысын мойындатып, халықтан кешірім сұратып, елдiн кеткен бiр есесін қайтарған едi.

М. Шахановтың тек сөзбен емес өзiнiң iс-әрекетімен де ұлт жанашыры, тіл жанашыры ретiнде атқарған жұмыстарын айтар болсақ, бiр макаланын көлеміне сыймасы анық. Қазақтың маңдайына біткен әдебиет майталманы, белгiлi когам кайраткері, ақын М. Шахановка мықты денсаулық пен шығармашылық шабыт тілеп қоямыз.

Ақниет Қыналы,

Шымкент қаласы.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика