Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет »  Асылдарын ел-жұрты ардақ тұтар

 Асылдарын ел-жұрты ардақ тұтар

Жуырда Келес ауданының Ә.Кенжеев атындағы аудандық мәдениет үйінде ақын Қаржау Ілясұлы Бекішевтің «Туған елге даңқыңды танытты өлең» атты еске алу әдеби кеші болып өтті. Кеш басында қонақтар ақынның шығармашылығы мен өмірі жайлы бейне роликті тамашалады.

Келес ауданының әкімдігі, ішкі саясат бөлімі және орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері өткізген кешті аудан әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев ашып, ақын туралы естеліктерін жеткізді. Әдеби еске алу кешіне ауданның белсенділері мен ақынның үзеңгілес достары және өнер сүйер қауым көптеп келген болатын. Сонымен қатар, Келестің ақиық ақыны атанған, Тоқаш Бердияров атындағы әдебиет және өнер бірлестігінің төрағасы Бердалы Рысбек, ақын Қыздаргүл Омарова, Оңғар Исаев, Жүсіп Әшімов, Зағира Қыдырова секілді үзеңгілестері де қатысты. Әдеби кеш барысында ақын Қаржау Бекішевтің Отан, ата-ана және адамгершілікке тәрбиелейтін жырларын мәнерлеп  оқыды. Қонақтар құрметіне Қаржау Ілясұлының сөзіне жазылған, сазгер Әбдімәлік Тастеміровтың бірнеше әндері орындалып, көрермендер көңілінен өз орнын тапты. Осылайша келестіктер өз асылдарын ардақ тұтты.

Бауыржан  Сейделханов,

Т.Бердияров атындағы әдебиет және өнер бірлестігінің мүшесі,

Келес ауданы.

 

 

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика