Оқушылардың жазғы каникулына байланысты білім ошақтарында ұстаздар ұжымы да еңбек демалыстарында жүр. Бірақ олар басқа мамандық иелері секілді демалыстарында да алаңсыз тыныға алмайды. Осындай жас болғанына қарамастан ұлықталып, ұжымы алдында абырой-беделге ие болып жүрген ұстаздың бірі – Шардара қаласындағы №12 мектептің директоры Данияр Төлепов.
Жалпы, Данияр Рысбайұлының Шардара ауданының білім саласындағы қарашаңырағы саналатын үлкен ұжымды басқарғанына көп бола қойған жоқ. Жастығына қарамастан бас-аяғы екі жылда өзінің тәжірибелі екендігін іс-жүзінде дәлелдеп үлгерді. Тек ұжымы ғана емес, әріптестері арасында да беделді Д.Төлепов жуырда тағы бір сый-құметке лайықты деп танылды. Білім, ғылым мекемелері мен бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Д.Рысбайұлын арнайы төсбелгімен марапаттады.