Өткен аптада Отырар аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мұрат Есінбек «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалында тұрғындардың арыз шағымдары бойынша Қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға Шәуілдір ауылының тұрғыны, төрт баланың анасы Н.Төлеуова келіп, жұмысқа орналастырып беруге көмек сұрады. Партия тарапынан аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының жауапты өкілі Е.Әбиев пен ауыл әкімі Ғ.Қыдырға мәселені қарап, шешіміне бірлесіп қол жеткізу ұсынылды.
Шәуілдір ауылындағы көпқабатты үйдің екінші қабатында тұратын С.Жолдасбекова отбасындағы қаржылай қиындықтарға байланысты кәріз құбырын жүргізе алмай отырғанын айтып, көмек сұрады. Мұрат Шайырбекұлы өз қаражаты есебінен қажетті материалдарды алып беретінін айтып, орындалуын қадағалауды ауыл әкімі Ғ.Қыдыр мен жылу бөлімінің өкілі С.Жайымбаевқа тапсырды.
Қоғамдық кеңес төрайымының орынбасары М.Ерубайдың төрағалығымен партия филиалының әлеуметтік мәселелер жөніндегі отырысы да өтті. Кеңес мүшелері, «AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Құрман мен актив қатысқан қоғамдық кеңесте партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картаның осы жылдың жоспарындағы орындалмау қаупі бар тармақтары аясында аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының есептері тыңдалды.
Нұрсұлтан Боранбайұлы,
«AMANAT» партиясы Отырар аудандық филиалының кеңесшісі.