Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі азаматтардың өтініші негізінде немесе өтініш жасауынсыз, яғни жеке тәртіппен де жүзеге асырылады. Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі. Көрсетілетін қызметті алушылар тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз, теңдей қол жеткізеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол берілмейді, үнемділік пен тиімділік әрдайым басты назарда болады.
Елімізде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: көрсетілетін қызметті берушілер, мемлекеттік корпорация, «электрондық үкіметтің» веб-порталы, ұялы байланыс абоненттік құрылғысы және «электрондық үкіметтің» шлюзінде, «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері, стационарлық абоненттік құрылғы арқылы көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды, оның сапасын бағалауды және оған қоғамдық мониторингті жүргізу заңдылық, объективтілік, бейтараптық, анықтық, жан-жақтылық, ашықтық қағидаттарына негізделеді.
Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» Заңын және нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алып, халыққа мемлекеттік қызметтің 22 түрін көрсетеді. Аудандағы жекелеген санаттағы аз қамтамасыз етілген тұрмысы төмен отбасыларға, жалғызілікті қарттарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік көмектер көрсету мен азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету – бөлімнің негізгі қызметтерінің бірі.
Бөлімге өткен 6 айда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2764 азаматтан өтініш тіркеліп, барлығы белгіленген мерзімде орындалған. Атап айтқанда, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу – 3, қайтыс болуды тіркеу – 198, азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіруге – 17, қайталама куәліктер немесе анықтамалар беруге – 202, неке қиюды тіркеу – 236, некені бұзуды тіркеу – 14, бала тууды тіркеу – 919, мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге – 8, жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындауға – 27, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беруге – 8, мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеуге – 102, мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигеналық құралдармен қамтамасыз етуге – 346, жүріп-тұруы қиын І топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеуге – 101, мүгедектерге кресло-арбалар беруге – 35, мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге – 523, үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеуге – 25.
Азаматтар үшін мекемеде қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған арнайы «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» ашылған. Одан бөлек бөлімнің әлеуметтік желідегі парақшасында халыққа электронды қызмет алудың тиімділігін және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қызмет алу дағдыларын үйрету, түсіндіру мақсатында видеоролик тұрақты түрде жарияланып тұрады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміздің бекем екенін көрсеттік» атты мақаласында «Мемлекеттік қызмет дегеніміз – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес. Бұл туған халқыңның алдында айырықша жауапкершілік арқалау деген сөз. Біз қоғамның барлық өкілдерінің талап-тілектеріне жауап беретін озық мемлекет құруымыз керек. Басқару жүйесінің тиімділігі жұмыстың барысымен емес, түпкі нәтижемен өлшенетін болады. Мемлекеттік аппарат бизнеспен, үкіметтік емес ұйымдармен және азаматтармен тығыз жұмыс істеуге баса назар аударуы тиіс. Сол арқылы ел мүддесіне сай тиімді шешімдер қабылданып, халыққа көрсетілетін қызмет сапасы жақсара түседі. Мемлекеттік қызметкерлер барынша ашық жұмыс жүргізіп, халыққа шынайы есеп беруі керек», – деп атап өткендей Жаңа Қазақстанды дамытып, халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметті сапалы көрсете берейік.
Орынша Қалшабекова,
Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары.