Жетісай қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға айрықша көңіл бөлініп, қаланың инфрақұрылымын дамыту мәселесіне ерекше назар аударылуда. Аудан әкімінің орынбасары Асан Жақыпбекұлының төрағалымен өткен жиында осы жайт сөз болып, өзекті мәселелер ортаға салынды.
Биыл Жетісай қаласы бойынша жалпы ұзындығы 4,5 шақырымды құрайтын Сарбаз, Ш.Уалиханов, Тоқтағұл, Ж.Мұса, Әндісай, Нарбаев тұйық, Момышұлы, Шалқыма, Рудаки көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал, ұзындығы 3,4 шақырымды құрайтын он көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамалар әзірленіп, қажетті қаржы көлемі анықталған. Осыған орай, кезең-кезеңімен қаржыландыруға ұсыныс жолданатын болады. Сонымен қатар, осы аталған және басқа да көшелерді жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
Ұ.Бек.