Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
Тағы да бассейнге бала құлап кетті – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

Тағы да бассейнге бала құлап кетті

Ата-аналар, балаларыңызға абай болыңыздар! Көзден таса қылмауға тырысыңыздар. Әйтпесе…

Жаздың жайдары күнінде оқыс оқиғалар азаймай отыр. Әсіресе, балалардың жазатайым опатқа ұшырауы жиілеген. Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы хабарлағандай кешегі демалыс күндері балаларға қатысты екі жазатайым оқиға орын алды.

“Жедел медициналық жәрдем қызметінен 2022 жылдың 23 шілдесінде сағат 22-30-да жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылғы баланың қаңқалы бассейнге құлағаны туралы хабарлама келіп түсті. Жазатайым оқиға Абай ауданының Қызылжар тұрғын алабында Сығанақ көшесінде орын алды. Бала қалалық балалар ауруханасына жатқызылды (жағдайы ауыр, аспирациялық синдром. Мидың ісінуі. Кома 1).

Жазатайым оқиға туралы екінші хабарлама жедел медициналық көмек қызметінен 24 шілдеде сағат 00-05 минутта келіп түсті.  Абай ауданы Самал-3 шағын ауданындағы Мейірімді көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала септикке құлап, қалалық балалар ауруханасына жатқызылды (жағдайы орташа, аспирациялық синдром)” деп хабарлайды Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Құрметті ата-аналар! Абай болыңыздар, кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған