Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
Билет құны әрқилы болса… – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

Билет құны әрқилы болса…

Біршама уақыт бұрын пойызға билет әйелдер мен еркектерге, бір отбасы мүшелеріне бөлек сатылады деген мәлімет тарап еді. Жасыратыны жоқ, бұған қуанғанымыз рас. Өйткені, бейтаныс ер адамдар мен әйел баласының бір купеде жатуы ерсі, киім ауыстыру да қолайсыз. Ал отбасылы адамдарға бір купеде болғаны ыңғайлы. Кеше пойызға міндім, бірақ өзгеріссіз, сол баяғы қалпы екен. Осы мәселе қайта қаралса дұрыс болар еді.

Сосын орындарға байланысты билеттің құны да әркелкі болуы тиіс. Мәселен, бірінші қабаттағы орын екінші қабаттағы орыннан қымбаттау болғаны дұрыс. Бәлкім, сол кезде жастар жағы арзандау билет алып, жоғарғы орынға жайғасқан болар еді. Қазіргі кезде билеттер құны біркелкі болғандықтан, жылдам жастар төменгі орынды сатып алады да, қариялар екінші қабаттағы орынға шыға алмай қиналып жатады. Бұл жағдай электронды билет айналымға енгелі тіпті қиындап кетті. Қариялар мұның жолын білмей уақыт өткізіп алады. Өкінішке қарай, қазіргі кезде бірінші қабаттағы орнын үлкен кісілерге бере салатын жастар көп емес. Сол секілді әжетханаға жақын орналасқан және қапталдағы орындар да арзандау болуы тиіс. Сонда ғана әділ тасымал болар еді.

Н. БЕКМҰРАТОВА.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған