Шымкентте 25 жастағы қыз 3-ші қабаттан құлаған. Бұл туралы алдымен полицияға хабарланады. Олар құтқарушыларға жүгінеді.
Былай ғой, Шымкент қаласы ТЖД Бірыңғай кезекшілік басқару пунктіне 2022 жылғы 29 шілдеде сағат 08:11-де «102» полиция қызметінен хабарлама түседі. Хабарламада Әл-Фараби ауданы, Тауке хан даңғылы бойында орналасқан көпқабатты үйдің 3- қабатынан бір әйелдің құлап кеткені айталады. Тұрғын үйдің 1-қабатына жапсарлама салынған «Имран» сауда орталығының шатырына 3-қабаттың терезесінен құлаған қыз 1997 жылы туған. Терезеден абайсызда құлап түскенін айтуда.
“Хабарлама бойынша Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасақтың 4 құтқарушысы оқиға орнына жетіп, альпинисттік құралдарын пайдаланып, зардап шеккен азаматшаны (оң аяғы жабық сынық) шатырдан түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды” дейді Шымкент қ.ТЖД қоғаммен байланыс тобы.