Шымкентте өзенге 11 жасар қыз батып кетті

Шымкентте Бадам өзенінде қайғылы оқиға орын алды. Қалалық ТЖ департаментінің дағдарысты жағдайлар басқармасына жазатайым оқиға туралы хабарлама қала тұрғынынан 07 тамызда сағат 14.47-де келіп түскен.
Алдын ала мәліметтер бойынша, 2011 жылы туған қыз абайсызда өзен үстіндегі құбырдан құлап, суға батып кеткен. Ол жүзе алмайды екен. Қайғылы оқиға Еңбекші ауданындағы Қарабастау тұрғын алабы маңындағы Бадам өзенінде болған.
“Оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бірнеше сағат бойы су астында іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде құтқарушы сүңгуірлер қыздың денесін тауып алып, судан шығарып, туыстарына берді.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің 10 қызметкері мен 4 техникасы тартылды” деп хабарлайды Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған