Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Алдымен ауызсу мәселесі шешілмек

Алдымен ауызсу мәселесі шешілмек

Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұттың Тастұмсық ауылдық округі тұрғындарымен кезекті есептік кездесу барысында тұрғындар тарапынан ауыз су мәселесі көтерілді. Сонымен қатар ауыл тұрғындары білім, мәдениет, медицина, автожол және ескірген электр бағаналарының жайын айтты.

– Ауыз су мәселесі ауданымызда ғана емес еліміздің барлық өңірлерінде өзекті мәселенің бірі болып отыр. Оны шешу мақсатында арнайы жол картасы әзірленіп, тіршілік нәрі тапшылық алып отырған ауылдарда кезең-кезеңімен тиісті жұмыстар атқарылатын болады, – деді аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы.

Ауданға қарасты 62 елді мекеннің 59-ы 99,8 пайыз орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 28 елді мекен тұрғындары тік ұңғыма, 31 елді мекен бастау көздерінен ауыз су пайдаланып отыр. Қалған 3 елді мекен тұрғындары (таулы аймақта орналасқан Ақсай, Қайыршақты, Даубаба-2) бұлақтан су ішеді. Есептік кездесуден соң аудан басшысы жеке мәселелерімен келген округ тұрғындарын қабылдап, өтініштерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан айтылған барлық ұсыныс-өтініштер алдағы жұмыс жоспарына еніп, шешімін тапқанша бақылауда болатыны ескертілді.

Биыл көп жылдан бері шешімін таппай келген Амангелді атындағы мектептің қосымша корпус құрылысы толығымен аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар, өткен есептік кезеңде тұрғындар тарапынан көтерілген Тастұмсық ауылындағы Көктөбе көшесі, Қарабастау ауылындағы М.Әуезов көшесі және Тастыбұлақ ауылындағы Спатай көшесін жарықтандыру жұмыстарына қаржы бөлініп, қыркүйек-қазан айларына дейін аталмыш көшелерге түнгі жарық шамдарын орнату жоспарланып отыр.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика