Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » Дендропарк тағы өртенді

Дендропарк тағы өртенді

Шымкенттің тынысын тарылтпай дем беріп тұрған бірден-бір көгалды аймақ санатындағы дендрологиялық бақта соңғы кездері жиі өрт шығуда. А.Асқаров атындағы дендропаркте кеше тағы өрт болды.

«2022 жылғы 16 тамыз сағат 14:43-те Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Төлеметов көшесі мен Бәйдібек би даңғылы қиылысында «Дендросаябақ» аумағында 0,35га құрғақ шөп және 20 дана тал ағашы жанды. Өрт сағат 15:06-да оқшауланып, сағат 15:12-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда. Өртті сөндіруге 4 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 20 адам жұмылдырылды» деп хабарлайды Шымкент қалалық мамандандырылған 1 өрт сөндіру бөлімінің аға инженері  Шайменов Даулет.

Шымкенттің «өкпесіне» көз тиді ме? Неге жиі өртеніп жүр?

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика