Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Домофондағы дау

Домофондағы дау

Шымкентте көпқабатты үйлердің кіреберіс есіктерінің көбінде қазір домофон орнатылған. Қаланың ескі бөлінідегі байырғы үйлерде болмаса, жаңа шағынаудандардың бәрінде дерлік тұрғындардың қауіпсіздігі үшін домофон жүйесі жұмыс істейтін есіктер қойылды. Әрине, бұрын лас, әркім кіріп кететін кіреберістер осы домофон есіктердің арқасында біршама тәртіпке келіп қалғаны өтірік емес.

Десек те, домофонға қатысты тұрғындар тарапынан айтылар шағым, арыздар көп-ақ. Сондай арыз-шағымдарды қараған ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті біршама заңсыздықтардың бетін ашып отыр. Мысалы, «Центр Сервисного обслуживания домофонов» ЖШС, «Строй мастер домофоны Шымкент»  ЖШС және «СМД Шымкент» ЖШС тарапынан Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі нормаларының талаптарын бұзу фактілері анықталған. Атап айтқанда, домофон жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтерін көрсету туралы шарттарда 3 айдан астам уақыт бойы төлемегені үшін орындаушы абонентті домофон жүйесінен ажыратуға құқылы екен. «Бірақ шартта абонентті домофон қызметтерінен ажырату заңсыз екендігі де көрсетілген. Ал бұл тармақтар тұтынушылардың заңды құқықтарына қысым жасайтын әрекеттер деп танылған» дейді тексеруші агенттік мамандары.

Сонымен қатар, тұтынушымен шарт 11 жыл мерзімге жасалған. Ал мамандар «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығымен бекітілген «Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидаларына» сәйкес келісім-шарт мерзімі 1 жылдан аспауы тиіс» дегенді алға тартады. Бұл талаптар бәсекелестікті шектеп, басқа субъектілердің нарыққа кіруін шектейтін көрінеді.

Осы талаптардың негізінде 2022 жылдың 4 шілдесінде Шымкент қаласы бойынша монополияға қарсы департамент жоғарыда аталған үш мекеменің атына хабарлама шығарады. Қазір сол хабарламада қойылған талаптар орындалып, қайшы келетін тармақтар Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес тиісті редакцияларда келтіріліпті.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика