Deprecated: strpos(): Passing null to parameter #1 ($haystack) of type string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 7053

Deprecated: str_replace(): Passing null to parameter #3 ($subject) of type array|string is deprecated in /var/www/nysana.kz/public_html/wp-includes/functions.php on line 2165
Сарыағашта жер беріліп жатыр – Nysana.kz – Ақпарат агенттігі

Сарыағашта жер беріліп жатыр

Сарыағаш ауданында жер пайдаланушылардың егістік жері егіннен босағаннан кейін ауыл тұрғындары үшін мал жаюға рұқсат етіліп отыр. Осылайша 54 589 га жерге меморандум жасалынды. Жалпы, Түркістан облысында елдімекен маңындағы ортақ мал жайылымдарын ұлғайту бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізілуде.

Биыл Сарыағашта 3219 га жер учаскесі ауылдық округтердің қосымша ортақ жайылымдарына берілді. Жыл соңына дейін тағы 1000 гектарға жуық жер учаскелерін ортақ пайдаланудағы жайылымға беру үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазір аудан аумағындағы 71 елдімекеннің жер-шаруашылық жоспарларына сәйкес барлығы 28262 гектар жер ортақ жайылымға бекітілген. Елдімекендердегі ортақ жайылым жерді ұлғайту бойынша жұмыстар аудан әкімінің тікелей бақылауымен тұрақты түрде жалғасатын болады.

Сарыағаш ауданында үй салу үшін жер телімдерін беру де қарқын алған. Мысалы, Жылға елді мекенінде кезекте тұрған 11 азаматқа жер телімдері табысталды. Алдағы уақытта жер телімдерінің құжаттары дайын болуына қарай 500-ге жуық азаматқа берілмек. Барлығы да бірнеше жылдан бері үй салу үшін жер кезегіне тұрғандар. Ауданда 2012 жылдан елді мекенде жер телімдері берілмеген. Осыған орай аталған шараға аудан әкімі Мұхит Отаршиев арнайы қатысып, жер иелеріне құқық беруші құжаттарын табыстады.

– Бүгінгі таңда аудан аумағында инфрақұрылымды дамыту кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі тұрғындардың жеке тұрғын үйлерін салу үшін жер телімін бөлу жөніндегі сұраныстары жылдан-жылға өсіп келеді. Сонымен қатар тұрғын үй салу үшін жер телімі бөлінгенімен заң талаптарына сәйкес, инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген жер телімдері табысталмайды. Сондықтан, осы мәселелерді шешу мақсатында Жылға ауылдық округінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуда бірқатар жұмыстар атқарылып, қазір сол жер телімдерін табыстағалы отырмыз. Құтты қоныс салынып, осы жер үлкен орталыққа айналсын – деді аудан басшысы.

Жылға елдімекенінде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 42 гектар аумақты инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, 16 шақырым электр желілері және 4 дана трансформатор орнатылды. Сондай-ақ, ұзындығы 6 шақырымнан аса көшелерге шағал төсеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан бойынша жер телімі үшін кезекте 18 мыңнан астам азамат тұр. Олардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында Дербісек елді мекеніндегі 70 га жаңа қоныстану аймағын қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлдіру үшін облыстық бюджетке ұсынылған. Қажетті қаржы бөлінген жағдайда аталған аймақ инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, жер телімдері кезекте тұрған азаматтарға беріледі екен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған