Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Алдымен өзімізді жарылқап алайық

Алдымен өзімізді жарылқап алайық

Қанша жерден жасырғанымызбен Қазақстанда жанар-жағармай тапшылығы бар. Біздің бұлай деуімізге үлкен жолдардағы жанармай құю бекеттеріндегі көліктердің сапырылысып кезек күтіп тұруы себеп болды.

Өткен аптада іссапармен Ақтөбеге қаласына барып қайттық. Жолда қанша жанар май құю бекеті болса, соның барлығында кезек күткен ауыр жүк көліктері тізіліп тұр. Оларға 50, 100 литр соляркадан артық құймай жатыр. Бұл 100 шақырымға 30-40 литр қажет ететін «фуралардың» «жұмырына жұқ болмайтыны» айтпаса да түсінікті. Ал ресейдің, қырғыздың, өзбек пен тәжіктің көліктері бекетте кезек күтпей, бір-бірімен жарысып жүреді.

Осындай келеңсіздіктер орын алмас үшін бірінші кезекте өз азаматтарымызды жанар маймен қамтамасыз етіп алуымыз және төменгі бағада сатуымыз керек. Ал шетелдік жүргізушілерге қымбат бағада сату қажет. Өйткені, шетелден келетін «фуралардың» кейбірінде 1-2 тонна дейін солярка құятын бактер бар екен. Осыны пайдаланған олар бізден құйып алған солярканы өз елдерінде қымбатқа сатады дегенді есітіп жүрміз. Осының салдарынан өзімізде тапшылық орын алуда.

Ә. НАУАЙЫ.

 

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика