Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Дәуітке тиіспе

Дәуітке тиіспе

Дәуіттің тұсында Ғайдуна деген қаланы ордалы жылан басады. Олардың көптігі сондай күрек басындай жерге он жылан сыяды екен. Қарсы келген адамға атылып, бет қаратпапты. Күресуге дәрмені қалмаған патша ақсақалдарды жинап, кеңеседі. Қариялардың бірі:

–Дәуіт пайғамбардан көмек сұрайық. Аллаға тілегімізді жеткізіп, мына пәледен құтқарсын, — дейді. Оның сөзін бәрі қоштайды. Сөйтіп Дәуітке хабаршы жібереді.

Дәуіт Мақпар тауында ұста екен. Хабаршы ел тілегін айтып, көмек сұрайды. Дәуіт кеудесінен бір түйме үзіп алады. Оны төске қойып, балғамен үш рет ұрады. Түймесі жәндікке айналады. Оны хабаршыға беріп:

–Қалаға кіргенде босат. Жыланды қуып шығады, — дейді.

Халқы Дәуітті күтіп отырады. Хабаршыны көріп:

–Дәуіт қайда? — деп сұрайды.

–Жігіт жәндікті көрсетіп:

–Міне, — дейді. Жәндік секіріп түсіп, жыландармен айқасқа түседі. Қылыш қолымен жыланның көзін ойып, қаладан қуып шығады.

Ерлігіне риза болған ел оны «Дәуіт», «Дәуіттің жәндігі» деп атап кетеді. Оған қасиетті, киелі деп құрмет көрсетеді. Үйге дәуіт келсе, «пәле-жала есіктен кетеді, құт төбеден келеді» дейді. «Дәуіт бар жерде жылан жүрмейді», «Дәуітті жер — тәуір жер», «Дәуітке көзінен айрылар жылан кездеседі», «Дәуітті тәу еткен құр қалмас» деген тәмсіл сөздер осыдан қалыпты.

 «Салт-дәстүр сөйлейді» отбасы христоматиясынан.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика