Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Басты жаңалықтар » Өрт сөндірушілер көмектесті

Өрт сөндірушілер көмектесті

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Қайнарбұлақ саяжайы, Транспортная көшесіндегі өртті сөндіріп, өрт сөндіру бөлімшесі сағат 18.32_де өз бөлімдеріне қайтып бара жатқан. Жолда денсаулығы сыр беріп, ес түссіз жатқан (эпилепсия) азаматшаны көріп қалып, тез арада алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Шымкент қалалық ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша оқиға 21 тамызда болды. Алғашқы медициналық көмекті №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліммінің өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Нұрсұлтан Татыбаев әріптестерімен бірге көрсетті. Алғашқы медициналық көмектен соң тез арада Жедел жәрдем шақыртып, азаматшаны оқиға орнына келген медицина қызметкерлеріне тапсырды.

 

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика