Download WordPress Themes, Happy Birthday Wishes
Басты бет » Әлеумет » Дәрігерге кезекке жазылу толып қала берсе… НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Дәрігерге кезекке жазылу толып қала берсе… НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  • Артық болмас білгенің

Емханаға бару үшін қазір дәрігердің қабылдауына алдын-ала жазылу міндетті. Ал сол консультациялық-диагностикалық қызметтерді күту мерзімі тым ұзарып кетуде. Яғни, белгілі бір дәрігердің қабылдауына уақыттың толып қалуынан кезек күту ұзаққа созылады. Осындай кезде пациент не істеуі крек? Бұл сұрақты біз «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ  Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаевқа қойған едік.

– Қор және медициналық ұйым арасындағы шарт талаптары бойынша консультациялық-диагностикалық қызметтерді  күту ұзақтығы күнтізбелік 10 күннен асса, онда шарт талаптары бұзылады. Қор медициналық ұйымдардың қызметіне  ақы төлеу кезінде айыппұл салады. Сондықтан медициналық ұйымдар пациентті қажетті медициналық қызметтермен уақтылы қамтамасыз етуге мүдделі.

– Мәселен, әсіресе невропатологта ай сайынғы жазба толық болады. Мұндай жағдайда науқас жолдаманы қалай алады?

– Емхана өз пациенттерін қажетті медициналық қызметтермен қамтамасыз етуі тиіс. Егер ол өзінде қажетті қызметті уақтылы көрсете алмаса, онда пациент оны бірлесіп орындау шарты бойынша басқа клиникадан алуға құқылы. Мұндай жағдайда қайтадан учаскелік дәрігердің қабылдауына жазылу қажет (өйткені бұл жоспарлы жағдай бойынша өтініш) және дәрігерден емханада бірлесіп орындау шарты жасалған басқа медициналық ұйымға жаңа жолдама сұрау қажет. Егер жағдай шұғыл болса, онда пациент тек кезек күту тәртібіне жүгініп, жағдайын түсіндіру керек. Жолдама ақпараттық жүйеде беріледі не болмаса пациенттің өтініші бойынша қағаз түрінде де беріледі.

– Егер учаскелік дәрігер невропатологтың кеңес беру қызметі бойынша басқа клиникалармен келісім-шарт жоқ деп айтса ше немесе ол өз емханасының бірлесіп орындаушылары туралы білмесе, науқас не істеуі керек?

– Пациент өзіне қажетті медициналық қызметі бар медициналық ұйымды Қордың fms.kz ресми сайтынан «Медициналық қызметтерді сатып алу» бөліміндегі «Денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқоры» немесе «ҚДҚ қызметтерді  жеткізушілері» тізбесінен медициналық ұйымның бар-жоғын тексеруі қажет. Егер қалаған медициналық ұйым Қордың жеткізушілері арасында болса, онда осы клиникаға учаскелік дәрігерден жолдама сұрауы керек.

– Пациенттің жүйеде жолдамасы болғанына қарамастан, мысалы гинекологтың қабылдауына араға 1-2 айды салып баратын кездер болады. Мұндай жағдайда не істеуге болады?

– Гинеколог ешқандай проблемасыз қабылдауға тиісті. Себебі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) орталықтарында мамандардың минималды жиынтығы бар. Оның ішінде штаты фертильді жастағы әйелдердің қалыпты санына есептелген гинеколог та тұрақты қызмет көрсетеді.

– Жолдамамен келетін пациенттер үшін клиникада ультрадыбыстық жазбаға (УЗИ) кезек  тез толып қалады. Егер науқас ақы төлейтін болса, сол күні тиісті қызметін алады. Осы қаншалықты заңды?

– Қор және медициналық ұйым қаржы операторымен ТМККК шеңберінде қандай да бір қызметтер бойынша барлық кезеңге көрсетілген қызметтер санына бір жылға шарт жасасады. Жасалған шарттар жыл бойы қайта қаралып, қажеттілік бойынша көлемдері ұлғаяды.

Медициналық ұйым келісім шарттағы жалпы көлемге сүйене отырып, әр күнге қызмет санын жоспарлайды. Осыған сәйкес пациенттерді көрсетілетін қызметтерге жазады. Егер жазба бір күнге толтырылған болса, пациенттер өз қалауы бойынша ақылы қызмет алуына болады. Яғни, қабылдау шарт бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде (уәкілетті қаржы операторы пациенттің қызметі үшін төлеген кезде) және төлем көзі пациенттің өзі болған кезде коммерциялық негізде жүргізіледі.

– Егер пациент бірлесіп қызмет көрсететін клиникаға жолдама ала алмаса, қайда хабарласуына болады?

– Егер учаскелік дәрігер пациент таңдаған Қордың жеткізушілері арасындағы клиникаға бейінді маманға немесе диагностикалық зерттеулер жүргізуге жолдама беруден бас тартса, онда  емханадағы пациенттерге қолдау көрсету қызметіне жүгінуге болады. Сонымен қатар, 1406 бірыңғай байланыс орталығына, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына, @SaqtandyryBotв Telegram және fms.kz ресми сайтына өтініш қалдыруға болады.

Жауап беру

Email адресіңіз жарияланбайды. Міндетті жерлерін толтырыңыз *

*

Яндекс.Метрика