Айта кету керек облыс әкімі қызметтен босату жөніндегі өтінішін тамыздың 24-і күні берген. Әрине бұл жаңалықты әлеуметтік желіде “Кентау қаласының бұрынғы әкімі Мақажановтың ісіне байланысты болуы керек” деп болжап жатқандар көп. Себебі Кентау қаласының бұрынғы әкімі Мақажанов істі болған шақта облыс әкімі Ө.Шөкеевтің “Егер оның кәнісі дәлелденсе отставкаға кетуге дайынмын” деген сөзі бар екен.
Естеріңізде болса, Кентау қаласының бұрынғы әкімі Дәурен Мақажанов аса ірі көлемде пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы бұған дейін де жазылған-ды. Және тамыздың 24-і күні апелляциялық сот бұрынғы үкімді күшінде қалдырған. десек те Ө.Шөкеевтың бұл кетісі ол іспен байланысты болмауы да мүмкін.
Ендігі жерде Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтың өтінішін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабыл ала ма жоқ па? Бұл уақыт еншісінде. Себебі заңгер мамандар “Мемлекеттік қызмет туралы” заңның 60-бабының 2-бөлігіне сәйкес, Отставканы мемлекеттiк саяси қызметшiнi осы мемлекеттiк лауазымға тағайындаған (сайлаған) мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам қабылдайды немесе одан уәжді түрде бас тартады. Отставканы қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешiм жазбаша өтініш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылданады” дегенді алға тартады.
Қалай десек те Түркістанды түлетуде Өмірзақ Шөкеевтің еңбегі ерен. Облыс орталығындағы қарқынды құрылыс, көркейту, көріктендіру ісі, аз уақытта атқарылған қыруар шаруа облыс әкімінің ерік жігерін таразыға салғаны анық. Ал бұл жауапты істе Ө.Шөкеевтың аянып қалмағанын да ел көріп отыр.