Бүгін Түркістан облысында жаңа әкім сайлауы өтті. Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының бірлескен сессиясына 286 депутат қатысқан. Жиынға елордадан Премьер-министр Әлихан Смайылов арнайы келді. Президенттің облыс әкімі лауазымына ұсынған екі кандидаты-Ұласбек Сәдібеков пен Дархан Сатыбалдының өмірбаяндарын таныстырылып депутаттар таңдау жасады. Ұласбек Сәдібек облыс әкімінің орынбасары, ҚР Мәжіліс депутаты болған. Қазір Сайрам ауданының әкімі. Дархан Сатыбалды Шымкент қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Сенат депутаты қызметтерін атқарған. Қазіргі уақытта Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі.
Әкім таңдау жиынын депутаттар дауыс беруді ашық түрде жүргізу туралы шешім қабылдады. Кандидаттар өздерінің бағдарламаларын таныстырды.
Естеріңізге сала кетсек, 24 тамыз күні облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш берген. Ел Президенті бұл шешімді қабыл алды.
Ал әкімдікке ұсынылған қос кандидаттың да мемлкеттік қызметте тәжірибесі мол. Десе де облыстық мәслихаттың 200 депутаты Дархан Сатыбалдының кандидатурасын қолдаса, 86-сы Ұласбек Сәдібековке дауыс берген.
Бсым дауыспен Дархан Сатыбалды Түркістан облысының әкімі болып танылды. Бұл туралы Үкімет басшысы Ә.Смайылов Президентке хабарлап, тағайындау туралы Жарлыққа қол қойылатынын айтты.